spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда нөсер салдарынан зардап шеккендерге 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен күндері Көкшетауда шелектеп жауған нөсер салдарымен күрес әлі де жалғасуда, деп хабарлайды «AQMOLA NEWS» ақпараттық агенттігі.

Демалыс күндері қатты жауын әсерінен 50- ден аса жеке тұрғын үй, көп қабатты үйлердің бірінші қабаттары және 60-тан астам аула аумақтары су астында қалған. 6 сағат тоқтаусыз жауған жаңбыр әсерінен шағын және орта бизнестің кейбір нысандары да зардап шекті, қазір иелері апаттан келтірілген шығынды есептеп жатыр. Толық тексеруден өтіп, акт толтырылғаннан кейін табиғи апаттан зардап шеккен обьектілерге 50 АЕК көлемінде үкіметтен қаржылай қолдау көрсетіледі.

Су, қала тұрғындарының айтуынша, түн ортасында аулаларды басып, кейіннен үй ішіне ене бастапты. Тұрғындар дабыл қағып, барлық қажетті орғандарға қоңырау шалған. Қазір коммуналдық қызмет пен құтқарушылар зардап шеккен үйлер мен аумақтардан суды сору құрылғылары арқылы тазартып жатыр. Алайда, зардап шекккен отбасылардың техникалары мен жиһаз-мүліктері бұзылып, үй қабырғалары құлауға шақ тұр. Кей отбасылар шарасыздықтан шатырларда түнеуге мәжбүр. Қала тұрғындары жаңбыр суын өз беттерінше жоюға талпынған.

Өйткені жергілікті органдар мен коммуналдық қызметтерге бірнеше рет жүгінсе де нәтиже болмады дейді.

«Үйім толығымен су астында қалды, екі жатын бөлме, ас үй залы, монша, барлығы. Бірден «112»ге қоңырау шалған едік, олар «109»- ға хабарласыңдар деді. Шексіз кезек. Бірнеше рет қоңырау шалдық. «Өтініштер көп, бүкіл қала батып жатыр, күте тұрыңыз»-деген жауап алдық»-дейді Көкшетау қаласының тұрғындары.

Нөсер болған түні 500ге жуық қоңырау түскен. Барлығы 50 адам, 20 мотопомпа, 4 ассенизаторлық машина, 1 экскаватор жұмылдырылды. Жергілікті биліктің айтуынша, жағдай үнемі бақылауда.

-«Түнгі сағат 01:00-де Көкшетау қаласының әкімдігінде нөсер жаңбырдың салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Қала әкімдігімен және коммуналдық қызметтермен 12 адам, 5 бірлік ассенизатор және 1 бірлік экскаватор тартылды. 17 000 текше су сорылды. 30- шілдеден 31-не дейін кәріз жүйесін қалыпқа келтіру бойынша 148-ден астам өтінім қабылданды. Нөсерлі жаңбырға байланысты 8 кәріз жүйесі суға толды. Оларды тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, ТЖД және Көкшетау қаласы әкімдігінің қызметкерлері өтініш берілген мекенжайларға тексеру жүргізіп, зардап шеккен халыққа актілер толтырады. Бүгінде комиссия 100-ге жуық мекенжайды аралап шығып, оның 50-ге жуығына акт жасады»-деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары, Бауыржан Ерназаров.

Зардап шеккен тұрғындар әлеуметтік қорғау бөліміне барып, бекітілген акт бойынша өтініш жазып, тиісті көлемдегі қаржыны алуы керек.
Болған табиғи апат салдарынан қаладағы кәріз жүйесінің осалдығы мен су ағатын арықтардың қоқысқа толы болуы сынды олқылықтардың беті ашылды. Алдағы уақытта жұмыстар атқарылады деп сендірді әкімшілік.

Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img