spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Өңірде 900 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланылмады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 300-ге жуық шаруа 900 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланылмаған. Оның ішінде 780 мың гектардан астам жайылымдық жер бар. Ал өңірде жарты миллион гектарға жуық мал жайылымы жетіспейді. Жер ресурстарын басқару департаментінің басшылығы мәлімдегендей, тексерулер жүргізілгеннен кейін фермерлер 90 мың гектарды игеруге кірісті, ал кейбіреулері өз еркімен 4 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарған. Тағы 40 мың гектар жерді жергілікті билік Бурабай ауданында сот арқылы күштеп алып қоюға ниетті. Басқа пайдаланылмайтын жерлер бойынша материалдар мемлекеттік кіріс органдарына жолданады. Енді бұл жерлер үшін салық 20 есе көп есептеледі.

«Біздің жұмысымызды жер пайдаланушыларға тексеру жүргізу проблемасы қиындатып тұр. Олардың әрқайсысына 5 күн бұрын қағаз түрінде тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереміз, бірақ бәрі бірдей оларды алып, қол қоя бермейді. Онсыз біз жерлерді тексере алмаймыз және олардың өз жерлерін пайдаланбайтындығын растай алмаймыз. Бірақ бұл мәселе парламентте шешілуі тиіс. Олар өзгерістер енгізіуі керек: SMS немесе хабарлама форматына электрондық поштаға жіберу әдістерін пайлану тиімдірек болар»-деп мәлімдеді облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы, Ерғали Шорин.

Қалған 700 мың га пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуе. Қазір сот органдарының қарауында 40 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою туралы 2 талап арыз жатыр. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарында полиция, прокуратура қызметкерлері тарапынан субъектілердің орналасқан жерін анықтауға көмек көрсету және хабарламаны қолма-қол тапсыру көзделген.

Осы ретте департамент облыс әкімдігімен, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары уәкілетті органымен бірлесіп, облыс өңірлеріне шығып, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және аудандардың жер комиссияларының мүшелерімен кездесулер өткізілді. Сындарлы диалог шеңберінде жер заңнамасына енгізілген өзгерістер, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбағаны және ұтымсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік және салықтық ықпал ету шаралары жүргізіледі. Жер учаскелерін алып қою шараларын болдырмау мақсатында алқаптарды пайдаланбаған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жерден өз еркімен бас тарту ұсынылады.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерден бас тартты.

Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img