spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ұлттық экономика министрі Ақмола облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақ кәсіпкерлерімен кездесу ашық форматта өтті.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті сұрақтары, оның ішінде туризм субъектілеріне салынатын салықтар, акциздік саясат және импортталатын тауарларға қатысты ҚҚС төлеу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар пікір алмасып, қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

ҰЭМ басшысы ШОБ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, бизнес тарапынан айтылған кейбір ұсыныстар зерделенетінін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы «Даму» Қоры жергілікті филиалының жұмыс барысымен танысты.

Министрге соңғы екі жылдың ішінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қорытындылары туралы баяндалды.

2020-2021 жылдары 28 млрд. теңге несие сомасына 824 жоба кепілдендірілді, 58 млрд. теңгеге 443 жоба субсидияланды, 12 млрд. теңгеге жуық несие сомасына 522 қарыз алушы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді.

Бұдан әрі Ә.Қуантыров ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментіне барып, жеке қабылдау өткізді.

Министрдің қабылдауына келген тұрғындар өз мәселелерін жеткізді. Олардың арасында 2021 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алуға кезекте тұрған жергілікті мектептің мұғалімі Ардақ Сатыбалдинов та бар. Ол өңірлердің ерекшеліктері мен өмір сүру деңгейін ескере отырып, әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін саралау мәселесін көтерді.

Ұлттық экономика министрі «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ол Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит мөлшелерін ұлғайту мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында Министр Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы тұрғындарының «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін қарады.

Жалпы, өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Ақмола облысының 22 ауылында әлеуметтік нысандар салынды, жолдар жөнделіп, мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 6,5 млрд теңгеге 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, Министрлік ауылдық жерлерді мамандармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты –  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарды ынталандыру.

Мәселен, биыл Ақмола облысында 259 жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие рәсімдей алады.

 

t.me/presseconomy

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img