spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жылу маусымына дайындық Көкшетау қаласында қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылғы жылу мәселесімен туындаған олқылықтардың биыл орны толады деп сендірді мамандар. Жөндеу жұмыстарына барлығы 2,5 миллиард теңге бөлінген. Қазандық агрегаттары қалпына келтіріліп, қосалқы жабдық пен электр бөлігі жаңартылуда.

«Қазір бізде 4 мердігерлік ұйым жұмыс істейді. Яғни, әрбір қазандық агрегатында өзіміздің мердігер ұйымдарымыз бар. Мұнда ауа өткізгіштерді, шаң өткізгіштерді ауыстыру, сондай-ақ қыста жылыту маусымында ақаулар болған конвективті бөлікті ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық анықталған кемшіліктер жойылуда. Облыс орталығының жылу желілері де назардан тыс қалған жоқ. Осы жылы үш шақырымға жуық жылу магистралін, соның ішінде Сарыарқа шағын ауданындағы Әшімов және Әуезов көшелерін жаңарту жоспарлануда.

Автоқалашық, Жайлау ықшам аудандарында биыл халық тоңып қиналмайды. Қолдан келген мүмкіндіктерді аяп жатқанымыз жоқ»-, деп мәлімдеді «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК бас директоры, Руслан Макишев.
«Сондай-ақ, Темірбеков көшесі бойымен, Әуелбеков көшесінен Әшімов көшесіне дейін диаметрі 500 миллиметрден 700 миллиметрге дейінгі жылу желісінің жерүсті учаскесін реконструкциялау жүргізілуде. Бұл біздің қаламыздың тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге оң әсер етеді, өйткені құбырлар жаңа, жылу өткізу қабілеті артады, сәйкесінше жылу шығыны аз болады»-, деп толықтырды өндірістік-техникалық қызмет жетекшісі, «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК директоры, Тұрар Матенов.

Мұның бәрі алдағы жылыту маусымында проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді. Себебі, 900-ге жуық көпқабатты үйлер мен ондаған әлеуметтік нысандар осы жылу қазандықтарына тәуелді»-, деп атап өтті мамандар. Барлық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img