spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Мектепке дейінгі ұйымдарға лицензия берілетін болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Барлық білім беру орталықтары лицензия алу үшін тексеруден өтеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне берген брифингте Ақмола облысының білім басқармасы хабарлады.

2024 жылдан бастап балабақшалар да лицензияланатын болады. Бұл білім беру жүйесін дамытудағы үлкен қадамдардың бірі. Күрделі тексеру жұмыстарын жүргізіп барып білім ошағының лецензия алуға лайық екендігі шешіледі. Тиісті критерийлерге лайық болмаған жағдайда олқылықтардың орнын толықтыру үшін мекемеге қосымша уақыт беріледі.

«Мәселен лицензия алу үшін балабақшаларда бүлдіршіндерге жасалатын жағдайлардың сапасы мен педагогикалық кадрлардың құрамы жақсы болса, сондай-ақ, бейнекамераларды орнату, санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкес талаптар сақталуы керек. Лицензиялау процесін бастау үшін бірінші кезекте заңнамалық актілер қабылданатын болады. Бұл процесс белгілі бір уақытты алады. Республика бойынша балабақшаларды лицензиялау 2024 жылға жоспарланып отыр.

1 кезең. 2024 жылы жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензияланатын болады.
2 кезең. Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдар.
3 кезең. Барлық қосымша жұмыстарды талап ететін балабақшалар лицензия алады»-, деп мәлімдеді Ақмола облысы білім басқармасының жетекшісі- Бейбіт Жүсіпов .

Айта кетейік, лицензия алу үшін мемлекеттік мекемелер де, жеке меншік білім ордалары да тексеруден өтеді.

Бүгінде облыста 36679 бала контингенті бар 607 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 256 балабақша және 351 мектепке дейінгі шағын орталық. Соңғы жылдары ұстаздар қауымының мәртебесі біршама көтерілгені белгілі. Алайда сапа мен біліктілік әрдайым бірінші орында. Сол себепті, білім беру сапасын жақсарту жолында біршама игі қадамдар жасалып келеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img