spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ауыл ел бесігі бағдарламасы Ақмола облысында қарқынды жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ауылдық аумақтарды дамытуға, өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы Ақмола облысы тұрғындарының өмірін әлдеқайда жақсартқаны жасырын емес. Жол құрылысы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және салу сынды жұмыстар осы бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.
Жоба бойынша биылғы жылы Ақмола облысында 26 әлеуметтік сала нысаны, 8 тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысаны, 208 км кентшілік жолдар, 34 км су құбырларыы , 19 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді, жастардың бос уақытын өткізу орталығы және екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

« Келесі қолданыстағы жоба аясында «Дипломмен ауылға!» 100 АЕК-ке (306,3 мың теңге) тең көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1500 АЕК-тен (4 594,5 мың теңге) аспайтын бюджеттік кредит беру , несие сомасынан жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады»-, деп хабарлайды Ақмола облысының бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Облыс бойынша жылдың соңғы 6 айында 392 маманға көтерме жәрдемақы, яғни, 120 млн.теңге төленді. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер 127 маманға 570 млн. теңге берілді.

Айта кетейік, жобаға жаңа ғана диплом алған түлектер, сондай-ақ жұмыс істеу және ауылдық елді мекендерге тұру үшін келген еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады.
«Әлеуметтік қолдау шараларын алған сәттен бастап кемінде үш жыл ауылдық елді мекенде қызмет етуі қажет.», – деп толықтырды Азамат Байқуанышев.

Ол үшін маман жұмысқа орналасу аймағын өз қалауынша таңдап, жұмыс орнына өтініш беру үшін қажетті құжаттар пакетін дайындауы керек.
Көтерме жәрдемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
– белгіленген нысандағы өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– білімі туралы дипломның көшірмесі;
– еңбек кітапшасының көшірмесі.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алу үшін:
– неке қиюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
– кредиттік бюроның есебі қажет.
Жобаны жүзеге асыру, «Дипломмен-ауылға!»бағдарламасы ауылдық жерлерде кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді. Ал ауылға жұмыс істеу үшін келген мамандар несиелеудің ең тиімді шарттары бойынша жеке тұрғын үй сатып ала алады.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img