spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетау әкімі қала тұрғындарын көмір мәселесін ертерек шешуге шақырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халықты ертерек көмір алып қойып, қысқа қамдана беруге шақырды. Өткен жылғы дүрбелең қайталанбас үшін көмір тасылмалдау жұмыстарын 2-3 есеге ұлғайту керек деген тапсырма беріп, бұл жұмыстарды атқаруда өзі де қолдау көрсететінін айтты. Халықтың көбі қыс таяғанда бірақ көмір алып жарыса бастайды. Сондай сәттерде өнімнің жетпей қалуы сынды олқылықтар орын алып жатады.

Фото: aikyn.kz

Айталық, биыл көмір бағасы өткен жылмен салыстырғанда небәрі 300 тенгеге қымбаттаған. Халықтың сұранысына ие «Шұбаркөлдің» тоннасы 13600 тенгені құрайды. Көкшетау қаласы бойынша жылына шамамен 7000 тонна көмір сатылады.

«Темір жол тарифтері мен сатып алу бағасы өзгермесе, бізде де бағаны қымбаттатуға еш негіз жоқ. Біз осындай факторларға тәуелдіміз. Сонымен қатар, бізден үлкен мөлшерде сатып алып кететін шағын кәсіпкерлік ұйымдар қымбатқа сатуы да мүмкін. Біз оларға ешқандай шектеу қоя алмаймыз. Күнделікті көмір тасымалдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қырқүйек айынан бастап халық ала бастайды. Көпшіліктің сұранысы бойынша Шұбаркөл көмірін көп мөлшерде әкеліп жатырмыз»-деді көмір тасымалаушы Мейірболат Нұрғалиев.

Биылғы жылы қыстың қандай мінез көрсететіні белгісіз. Ауа райы жылы болып, халық көмірді аз сатып алар болса, бұл да кәсіркеплер үшін үлкен шығын. Сатылмай қалған өнімге кеткен қаражаттың орнын кім толтырады?

Камила Әбделманова
Фото автордыкі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img