spot_img
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
27.2 C
Kokshetau

5 елді аралауға болатын Каспий круизі 2023 жылы іске қосылуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

«Круиз Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Әзербайжан және Ресей елдерін байланыстырады»-, деп хабарлайды informburo.kz

Каспий айдынында Қазақстанмен қосқанда бес мемлекеттің арасын жалғайтын шеңберлі круиздік маршрут 2023 жылы іске қосылуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов.

«Каспий жағасында круиздік туризмді дамыту бағытында шектесіп жатқан Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Әзербайжан-Ресей өз тарапынан тиісті жұмыстарды атқарып, негізгі мәселелердің шешімін тауып жатыр. Мысалы, Ақтау қаласында қонақүйлер бой көтеріп, жағалау абаттандырылған. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының туризмде әлеуеті зор. Енді круиз лайнерін күтіп отырмыз», – деді Қасым Тілепов.
Аталған круиз лайнерін Ресей Астрахань қаласында салып жатыр. Круиз лайнері Астраханьнан бастап Ақтау, Түрікменстанның «Аваза» деген демалыс базасына дейін барады.
______________
«Сондай-ақ, Иранның Намирабад қаласынан ары қарай Бау мен Махачкалаға қатынайды. Осылайша болашақта 5 мемлекетті аралайтын шеңберлі туристік маршрут болады», – деп түсіндірді комитет жетекшісі.

ФОТО: informburo.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды

Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика