spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолалық ардагерлер 1 миллион теңгеден алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден аударылды. Бұл туралы Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шиап Әлиев мәлім етті – деп хабарлайды «Aqmola news».

Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, Көкшетау қаласында қазір Ұлы Отан соғысының 14 ардагері тұрып жатыр.

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толайын деп отыр. Бүкіл прогрессивті дүние жүзінің күткен жеңісі ғой. Қаншама халық, қаншама боздақтар қырылып, Отанына келмей қалды. Оның ішінде біздің Қазақстаннан бар. Қаншама кейбір отбасылар қирап қалды. Мінекей содан қазір келгендердің біразы бар. Өкінішке орай бізде қазіргі күні осы соғысқа қатынасқан ардагерлердің 14-і ғана тірі. Биыл сол барлық ардагерлерге облыс бойынша бәріне 1 миллион теңгеден ақша берілді, – деді Шияп Әлиев.

Коронавирус инфекциясының алдын алу және жеке байланысты болдырмау мақсатында қаражат ардагерлердің жеке есепшоттарына аударылды. Сондай-ақ, ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша карантинге байланысты Қала кәсіпкерлерінің көмегімен Көкшетау қаласының 126 отбасына азық-түлік пакеттерімен көмек берілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img