spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында қызғалдақтар құлпыра бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Егіндікөл ауданына қарасты кең жазықта сәуір мен мамыр айларында шығатын қызғалдақ гүлдері пайда болды. Отанымызда бұл гүлдердің 34 түрі кездессе, оның 18 түрі қызыл кітапқа енгізілген,-деп хабарлайды «Aqmola News».  

Көктем туып, қар еріп, табиғат жандана бастаған сәтте Көкшетаудың көркін дала гүлдері аша түседі. Дәл қазір Егіндікөлдің кең жазығындағы көздің жауын аларлықтай жайқалып тұрған қызғалдақтар мен сарғалдақтар құдды бір төсеп қойған кілем тәрізді.

Жо-жоқ, бұл адам қолымен өсірілген өсімдік емес, табиғат ананың тартуы!

Ғұмыры қысқа болса да, қазақ даласына көрік беріп, кез-келген жанға көңіл күй сыйлайтын тіршілік иелерінің қандай тылсым құдіреті бар екен ә…

Ғалымдардың айтуынша қызғалдақтардың 12 түрі эндемикалық , яғни қазақ жерінде ғана өсетін көрінеді. Осыдан болар Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы.

Бұл гүлдер бүкіл әлемге біздің еліміз арқылы таралғандығын мақтанышпен айтуға толық қақымыз бар.

Олай болса әлем мойындаған нәзік гүлдерімізді қорғауға алып, ботаник ғалымдарымыз  бүкіл даламызға көбейту жұмыстарын қолға алса игі іс болар ма еді…

Жел тербесе билей жөнелетін қызғалдақтарымызды жұлуға тиым салынғандығына қарамастан, сабағынан үзіп алушылар да жоқ емес.

Егер гүл жұлынса  тіршілік нәрі мен тұқым ресурсы жойылғандықтан, қайта гүлдеу процесі көп жылдарға созылатындығын ескеріңіз! Қызғалдақтарды үзіп алғанмен олар көпке шыдамайды, сондықтан оларға тимегеніңіз жөн…

Қызғалдақ дейтін нәзік тіршілік иелерін қорғау, олардың даламыздан құрып кетпеуін қадағалау баршамыздың міндетіміз!

Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img