spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Облыс әкімі ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне үндеу жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне үндеу жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Өңір басшысы коронавирус инфекциясының қаупінің беті қайтпағанын айта келе, елімізде індеттің таралуының алдын алу үшін барлық қажетті шаралардың жасалып жатқанын жеткізді. Өңір аграрлы аймақ болғандықтан күрделі кезеңде ауыл шаруашылығы саласына баса назар аудару қажет екенін атап өтті.

Біздің облыс еліміздің ең ірі аграрлы аймақтарының бірі болып табылады. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде егіс науқанының мерзімінде өтуіне үлкен көңіл бөлуде. Біздің басты парызымыз көктемгі дала жұмыстарын сапалы ұйымдастыру. Биылғы жылы өңірде 5 миллион гектардан астам жерге жаздық егіс себілмек. Негізінен дәнді-дақылдар егіледі. Осы жылы қар мол түскендіктен, егіннің түсімі де жоғары болады деген сенім бар. Көктемгі егіс науқанына 14 мыңнан астам тракторлар, 16 мыңнан астам тұқым сепкіштер мен егін себу кешендері жұмылдырылмақ. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу іс жүзінде аяқталды. Қосымша 5 миллиард теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу мақсатында облысқа 70 мың тоннадан астам дизельдік жанармай бөлінді. Аграрлық несие корпорациясымен және несие серіктестіктері жүйелерімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу мәселесі шешілді. Несие пайызының мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайды. Бұл біздің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне жасалған үлкен көмек болып табылады. Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілеріне 20 миллиард теңгеден астам несие берілген. Ұсақ шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 6 миллион теңге көлемінде несие берілмек. Есіл әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан» тұқым алу мәселесі шешілді. Облыс әкімдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің карантин уақытында блок-бекеттерден кедергісіз өтуіне мүмкіндік берілді. Облыс бүгінгі таңда ұн, жұмыртқа, сүт сияқты басқа да қажетті өнімдермен өзін толығымен қамтамасыз етіп отырғанын атап өткен жөн. ҚҰрметті жерлестер осы ауыр кезеңді бәріміз бірге өтіп, әрдайым сабыр сақтап, облыста ауыл шаруашылығының дамуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз деген сенімдемін, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img