spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын із-түзсіз жоғалған қорғалжындық азаматты іздеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының құтқарушылары, полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге Қорғалжын ауданы, Арықты ауылының 51 жастағы тұрғынын іздеуде. Ол 23 сәуір күні үйінен шығып сол күйі оралмаған, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шаралары барысында Арықты ауылының жанындағы көл жағасынан ер адамның резеңке шәркейі табылған. Құтқарушылар бірден сүңгуірлерді жұмылдырып, екі күн бойы көлді сүзе тексеруде.

Алдын ала болжамдар бойынша жоғалған ер адам батып кетуі мүмкін. Мамандар күні бойы іздеу жұмыстарын жүргізуде. Түнгі уақытта шаралар тоқтайды. Іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы, бір жүзу құралы, төрт полиция қызметкері мен екі техника бірлігі жұмылдырылды. Әзірге құтқару жұмыстары нәтиже берген жоқ, – деді Қорғалжын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алмас Әубәкіров.

Із-түзсіз жоғалған ер адамды іздеуге еріктілер де үн қатқанын атап өткен жөн. Олар ауылдастарын жақын маңдағы елдімекендерден іздеуге кіріскен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img