spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді – Ерлан Қошанов

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарме кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды. Мәжіліс төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды. Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын түсіндіріп, жаңа нормалар жайлы кеңірек айтып берді. – Партияларды тіркеу талаптарының төмендеуі – жаңа саяси бірлестіктердің пайда болуына жол ашады. Мұның бәрі елдің саяси өмірін жандандыратыны сөзсіз. Парламенттегі талқылау да қыза түсері анық. Мемлекет басшысының пікірталас көшеде емес, Мәжіліс пен мәслихатта болуы керек деген сөзі іс жүзіне асуда. Енді өз күшіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Маңғыстауда ондай азаматтар жеткілікті деп ойлаймын, – деді Палата Спикері.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Конституциялық соттың құрылып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілуі әділдік іздеген азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ Палата төрағасы Конституциядағы жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген нормаға қатысты өз ойын білдірді. – Бұл өзгертуді Мемлекет басшысы өзі ұсынды. Оның құқықтық мәнінен гөрі, идеологиялық, саяси және моральдық салмағы өте зор. Өйткені, байтақ жеріміздің бір ғана иесі болуы мүмкін. Ол – халық. Осы өзгертумен біз бұл қағиданы тағы да бір шегелеп отырмыз. Бұл норма әр адамның өз туған жеріне деген жауапкершілігін арттыра түседі. Бір ғана мысал, Бозжыра шатқалындағы оқиға бәріміздің есімізде. Сол жолы сіздер өз өлкелеріңізге немқұрайлы қарамайтындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл – туған жерге деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Алматыдағы Көкжайлау мәселесі де естеріңізде болар. Президент осындай маңызды мәселелер бойынша әрдайым халықтың пікіріне құлақ асып, әрдайым әділ шешім қабылдап отыр, – деді Мәжіліс Спикері.

Ерлан Қошанов конституциялық реформа меритократия мен әділдікті орнату үшін қажет екенін атап өтті. – Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы керек. Саяси өзгерістер еліне адал, қолынан іс келетін, ақыл-ойы ұшқыр әрбір азаматтың жолын ашу үшін қолға алынды. Сондай-ақ бұл түзетулер монополия мен олигополияны жойып, бизнеспен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді, – деді Палата төрағасы. Кездесуде Палата Спикері Маңғыстау өңіріндегі бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Олар – ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, жем-шөп тапшылығы және тағы басқа әлеуметтік жайттар. Ерлан Қошановтың айтуынша, облыстың ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы Президентіміздің ерекше назарында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр өңір дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған. – Бір ғана кешенді жоспардың аясында аймақта біраз ірі мәселе шешімін тапқалы отыр. Ендігі негізгі міндет – оны толық іске асыру. Бұл Мәжіліс депутаттарының, «AMANAT» партиясының бақылауында болады. Қажет болған жағдайда Парламенттік тыңдау өткіземіз, – деді «AMANAT» партиясының Төрағасы. Ерлан Қошанов партияның жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін айтып, оның қатарына мемлекетшіл азаматтар келуі керектігіне ерекше мән берді.

Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығына республикалық референдумға белсенді атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Палата Спикері жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының жұмысымен танысып, Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Онда көп балалы аналар мәселесін талқылап, оларды толғандырып отырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетін аралап, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті. Алдағы саяси науқанға үн қосып, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етуге шақырды. Сонымен бірге Ерлан Қошанов «Қошқар ата» қалдық қоймасына барып, өңір экологиясын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар соңында «Total» компаниясына барып, мұнай кен орындарындағы жұмыскерлермен сөйлесіп, референдумның мән-маңызын талқылады. Өз кезегінде Маңғыстау мұнайшылары Президенттің саяси реформаларын қолдайтындықтарын жеткізіп, референдумға қатысатындықтарын айтты.

https://www.inform.kz/kz/prezident-reformalary-eldin-baskaru-modelin-tubegeyli-ozgertedi-erlan-koshanov_a3938707

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img