spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев қоғамдық қабылдау өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақтағы жұрттың мұң-мұқтажы дер кезінде бақылауға алынуы мақсатында «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ермек Маржықпаев бүгінде партияның қабырғасында қоғамдық қабылдау өткізді.

Онда негізінен, көшелерді абаттандыру, жол жөндеу, сумен қамту, жер және тұрғын үймен қамту мәселелері қаралды. Мәселен, көкшетаулық зейнеткер Тұяқ Нөгербеков Елемесов көшесі аумағын абаттандыру, үйлерді орталықтандырылған газбен қамту мәселесін  көтерді. Облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Елемесов 58-ші үйдің тұрғындарымен жеке кездесіп, аталған үйдің ауласына қатысты мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіні жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қала әкімі Бауыржан Ғайсаға тапсырды.

Жетімдіктің ащы дәмін татқан көкшетаулық азаматшалар жалға берілетін тұрғын үй құрылысының тоқтатылуы салдарынан баспана ала алмайтындарына наразы. Жандарына бататын мәселе бойынша облыс әкімінен қолдау сұрады. Алайда, барлығы тек заң аясында шешілмек. Сондықтан, өтініш берушілер Отбасы банктің мемлекеттік бағдарламасы аясында ғана пәтерге қол жеткізе алады. Сондықтан Ермек Боранбайұлы жетімдерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру үшін партия алаңында жауапты орган өкілдерімен арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

 

Ақкөл ауданының Жалғызқарағай ауылының тұрғыны фермерлік шаруашылықты  жүргізуге жер бөлу бойынша хабарласты.  40 бас ірі қара, 10 бас жылқы малын ұстап отырған көпбалалы отбасы алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Бірақ егістік алқабының жоқтығы қолбайлау болып отырған көрінеді. Бүгінде жер тек бос жатқан жерлерге жарияланатын байқау негізінде бөлінеді. Сондықтан оған қатысудың тетіктерін түсіндіру бойынша бұл азаматпен де арнайы жұмыс жүргізілетін болып шешілді.

Шортанды ауданынан хабарласқан азаматтар серіктестікке берілген жер пайларын қайтару бағытында өңір басшысынан қолдау сұрады. Айтуларынша, пай иесі таза табыс бойынша төлем жасамайды. Ауылдықтардың бұл арыз-шағымы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, көшпелі жиын өтеді. Сөйтіп, арыз беруші азаматтардың қатысуымен мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп, зерделенетін  болады.

Целиноград ауданының Қажымұқан ауылының тұрғыны Азамат Кеңесұлы ауылдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты маңызды деген бірнеше түйткілді мәселені көтерді. Бұл жол жөндеу, сумен қамту, газдандыру, электрмен жабдықтау және қоқысты шығаруға қатысты болды. Жол мәселесі алдағы уақытта өз шешімін таппақ. Себебі, ауылдың 8,2 шақырымдық жолын жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын көрінеді. Ал, бюджет қаржысын бөлу мәселесі алдағы күндері өтетін мәслихат сессиясында қаралмақ. Қоқыс шығаруға қатысты мәселесі де сол сессия шешіміне байланысты болмақ. Өтініш берушінің көтерген өзге де  мәселелері кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Рақымжан Қошқарбаев ауылының тұрғындары Нұра өзені тасығанда мұсылман зиратын шайып кететінін айтып арызданды. Сондықтан Нұра өзенінің арнасын зираттан бұру бойынша қолдау көрсетуді сұрады.  Материалдар жинақталып, республикалық штабтың қарауына жөнелтілмек.

Бибінұр Әмірханқызы,

«AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық филиалының

баспасөз хатшысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img