spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада тәртіп сақшысы мен жүкті әйелден коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Экспресс-тестілеудің көмегімен Ақмола облысында полиция қызметкері мен жүкті әйелден коронавирус анықталды. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті – деп хабарлайды «Aqmola news».

Департамент басшысының айтуынша, 17 сәуірден басталған тестілеу барысында 7 мыңнан астам ақмолалық тексерістен өткен.

Аталған тестілеудің нәтижесіне сәйкес тек екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Егіндікөл ауданында блок-бекеттерде қызмет еткен тәртіп сақшысының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол әріптестерімен бірге коронавирустан қайтыс болған Қосшы ауылындағы 64 жастағы зейнеткер әйелдің үйін күзеткен. Одан кейін осы полиция қызметкері жұқпалы ауру кең тараған Қосшы және Қабанбай батыр ауылдарының арасындағы блок-бекетте қызмет еткен. Індет Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді облыстық ауруханаға түскен жүкті әйелден де анықталды. Ол Аршалы ауданының тұрғыны болып шықты, – деді Айнагүл Мусина.

Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментнің мәліметінше коронавирус инфекциясына анализ тапсыру үшін денсаулық сақтау министрлігінің formcovid.eisz.kz сайтына тіркелу қажет.

Сайтқа тіркелу үшін басты бетінде екі қанат белгісін қойып, одан соң тіркеуге кірісуге болады. Бұдан соң тіркелушінің ұялы телефонына анализ тапсыру күні жазылған SMS хабарламасы келеді. Анализ нәтижелері де SMS хабарламасы түрінде келетін болады, – деді департамент басшысы.

Әзірге тек  еліміздің бас санитар дәрігерімен осы жылдың 14 сәуірінде бекітілген тізімге кіретін азаматтар ғана анализ тапсыра алады. Аталған тізімге медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар мен жүкті әйелдер кіреді.

https://www.coronavirus2020.kz/  ресми порталының хабарлауынша, дәл қазіргі сәтте елімізде 3019 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның ішінде облыс бойынша 95 адамнан анықталған. Сондай-ақ, 769 адам індеттен айығып, 25 адам қайтыс болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img