Дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты болып табылатыны сөзсіз.
Қазіргі уақытта Балкашин ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша стадионды реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Нысанның құрылыс дайындығы 65% құрайды. Осы жобаны іске асыруға 345 миллион теңге бөлінді, ағымдағы жылы жұмыстар аяқталатын болады.
Жобада ғимаратты трибуналармен қайта жаңарту, сондай-ақ кешенді абаттандыру, көгалдандыру және жер учаскесінің периметрі бойынша аумақты қоршау көзделген.
Стадион оқу-жаттығу сабақтарын және спорттың әр түрі бойынша аймақтық және жергілікті деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.
Қайта құру бойынша жұмыстарды «KHS Company Group»ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды.
Айта кетейік, ғимаратта спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған үй-жайлар, санитарлық тораптары мен себезгі бөлмелері бар киім ауыстыруға арналған бөлмелер, көрермендерге арналған санитарлық тораптар, әкімшілік және техникалық кабинеттер орналасатын болады.