spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада карантин режимін бәсеңдететін жаңа қаулы күшіне енді

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантинді бәсеңдету үш кезеңде жүзеге аспақ. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді.

Карантин режимі сақталады. Жаңа қаулыға сәйкес ендігі кезекте тұрғындар 500 метр радиусы көлемінде серуендей алады. Сонымен қатар тұрғындар ендігі кезекте қала сыртындағы саяжайларына баруға мүмкіндік алады. Аталған мақсатта қалалық саяжайларға таңғы және кешкі уақытта қоғамдық көліктер қатынасы ұйымдастырылды. Саяжайларға бару үшін тұрғындардың учаске иесі екенін растайтын құжаттарының болуы, сондай-ақ бетперделік режим сақталуы тиіс. Карантин режимін бәсеңдету үш кезеңде жүзеге асатын болады – деді Айнагүл Мусина.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес шаштараздардың жұмысы қайта іске қосылады. Бірақ ұзақ уақыт алатындықтан сұлулық салонындағы басқа қызмет түрлеріне әзірге  рұқсат етілмейді.  Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу арқылы жұмысын жалғастырмақ. Жаңадан енгізілген қаулыға сәйкес бүгіннен бастап құрылыс, құрал-саймандар дүкендері, кір жуу, автокөлік жуу сияқты нысандар қайтадан іске кіріспек. Бұл ауыл көктемгі егіс науқанының басталуына және  ірі құрылыс компанияларының қажеттіліктеріне байланысты болған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img