spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
21 C
Kokshetau

Ақмола облысында КВИ вакциналарының тиімділігіне талдау жүргізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында КВИ-ға қарсы вакциналарға жүргізілген талдау «QazVac» отандық вакцинасының тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің вакцинациядан кейінгі науқастар бойынша бірлескен талдауына сәйкес, отандық «QazVac» вакцинасы ең тиімді екенін көрсетті.

«Аталған вакцинаны алғаннан кейін барлығы 94 адам немесе осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 0,6 пайызы ғана ауырды. Бұл Ақмола облысында қолданылатын басқа вакциналармен салыстырғанда екі есе аз», – деп бөлісті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Салыстырмалы түрде алсақ, «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасынан кейін аймақта осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 1,2 пайызы ауырған. Бұл көрсеткіш «Hayat-Vax», «Vero Cell» вакциналарынан кейін-оған егілгендердің жалпы санының 1,3 пайызын, «Sinovac-CoronaVac» вакцинасынан кейін осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 1,3 пайызын құрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика