spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
-30.8 C
Kokshetau

2022 жылдың І-жартыжылдығында 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет – Асқар Мамин

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың І-жартыжылдығында 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалар мен реанимациядағы орындардың 17 пайызы толық. Коронавирус инфекциясымен ауруханаларға жатқызу және ауыр жағдайлар саны айтарлықтай азайды. Өңірлердің көбі «жасыл» аймақта. «Сары» аймақта екі өңір: Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысы. Әлемде науқастанудың көбеюін ескерсек, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды жалғастыру қажет. Ғимараттарда, қоғамдық көлікте бетперде кию және адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік арақашықты сақтау қатаң түрде міндеттеледі», – деді Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысында.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 пайызына жуығы. Шамамен 8,5 млн адам екінші компонент салдырды. Бұл – 75 пайыз.

«Жаппай ревакцинациялау бойынша жұмысты күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет. Ақпарат, Денсаулық сақтау министрліктері және әкімдіктер халық арасында ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуі тиіс», – деген Үкімет басшысы бұл тапсырмаларды бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/2022-zhyldyn-i-zhartyzhyldygynda-9-mln-adam-revakcinalaudan-otui-kazhet-askar-mamin_a3878991

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика