spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанда қай қалаларда автотұрақ бағасы төмен?

Сондай-ақ...оқыңыз
Сарапшылар әлемнің 48 астанасы мен ірі қалаларындағы автотұрақ құнын зерттеп, Қазақстанда ең төмен баға деген қорытындыға келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Picodi.com сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу аясында сарапшылар бір сағаттық автотұрақ құнын және ақылы автотұрақ маңындағы тұрғындардың жазылым бағасын салыстырды.

Рейтингке енген қалалар ішінде ең қымбат автотұрақ Ұлыбритания астанасында тіркелген. Лондонда бір сағат автотұрақ бағасы 11,29 долларға жетеді. Амстердамның дәл орталығында көлік қалдыру құны – 8,55 доллар, ал Норвегия астанасы Ослода қалдыру – 8,57 доллар.

Бір сағат бағасы осы аудандағы автотұрақ сұранысына байланысты болады. Әдетте, орталықтан неғұрлым алыс болса, соғұрлым арзан болады.

Нұр-Сұлтанда ақылы автотұрақ құны аумаққа байланысты қойылмайды. Бір сағаттық автотұрақ бағасы – 100 теңге (0,23 доллар). Алматыда автотұрақ құны – 100 теңге.

Ереван тұрғындары автотұрақты ең қолайлы бағада пайдаланады. Армения астанасында бір сағаттық автотұрақ бар болғаны – 0,21 доллар.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img