spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Малика Бектұрова Нұр-Cұлтан әкімі орынбасары қызметінен кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Малика Бектұрова әкім орынбасары қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова басқа жұмысқа ауысуына байланысты 15 желтоқсаннан бастап қызметінен босатылды», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Telegram арналардың ақпараты бойынша, Малика Бектұрова түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын өңдеумен айналысатын Green Mine компаниясының басқарма төрағасы болды.

Ол – экономика ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы Кентукки университетін (АҚШ) «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы «Индустриялық саясат және сауда (ТҚ)» мамандығы бойынша Корей даму институтын аяқтады. 2004 жылы Гарвард университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Оның екі магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы министрлігінде жетекші маман болып бастады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман, Индустрия және сауда министрлігінде бас маман, Көлік және коммуникация министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып жұмыс істеді.

2006 жылы қазаннан бастап әкім орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Малика Бектұрова 2016 жылы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img