spot_img
Жексенбі, Қазан 5, 2025
5.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін 27 жастағы күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген. Жұмыстан босатылғаннан кейін ол бір кілтті тапсырмаған.

«Кешкі уақытта бұзақы «Магнум» супермаркетіне келген. Терминалға келіп, аппаратты кілтпен ашып, 3 800 000 теңге сомасында ақша алған. Ақшаны сөмкеге салып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді полиция қызметкері.

Күдікті ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика