spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда жеті мектептің құрылысы бітті

Сондай-ақ...оқыңыз
Нұр-Сұлтанда жеті мектептің құрылысы бітті. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлгіновтің сөзінше, бұл мектептер 20 мыңнан астам оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

«Мысалы, BINOM SCHOOL жаңа форматтағы инновациялық мектебіне бардым. Жаңа бес қабатты мектеп 4 мың оқушыға есептелген (2 ауысымда). Бұл мектепте оқу тегін. Мектепте робототехника кабинеттері, кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, смарт-сыныптар, металл және ағаш кесу шеберханалары, TedxBinom, Speaking Club, үлкен кітапхана, ойын бөлмелері және т.б. бар. Binom мектебінің басты артықшылықтарының бірі – ерекше қажеттілігі бар балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа мектептердің есігі 3 тоқсаннан бастап ашылады», – деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.

РЕКЛАМА
Включить звук

Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл барлығы 15 мектеп салынған.

«Бұл шамамен, 40 мың оқушы орны. Жаңа мектептер салынғандықтан, 5 мектеп енді үш ауысымда оқытпайды, сондай-ақ, 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек. Елордада жыл сайын адамдар саны артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 есе асады. Мысалы, мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітіріп шықса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін қалада жыл сайын кем дегенде 10 мектеп салып отыру қажет», – дейді әкім.

Ал келесі жылы 16 мектеп салу жоспарланған.

«Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Мектеп құрылысына жеке инвестицияны да тартамыз. Мектептер қаланың барлық ауданында, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударамыз», – деп жазды әкім.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img