spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Манарбек Қыдырбайдың «Жұпарлы жаңбыр» атты кітабының тұсаукесері өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық  драма театрында Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты,  Мемлекеттік  «Дарын» сыйлығының иегері, ақын және драматург Манарбек Қыдырбайдың  «Жұпарлы жаңбыр» жинағының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ

 Манарбек Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының тумасы, кейін 2005 жылы атажұртқа оралып, Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжін тәмамдап,  шығармашылық  жолын дамытты. Оның бұл жинағы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жарыққа шықты.  Бұдан басқа өнер жылдарында Манарбектің жазған бірсыпыра еңбектері мен  туындылары  бар.

 

Автордың жаңа жинағында көбінесе туған жерге сағынышы мен Көкшетауға деген сүйіспеншілігі суреттеледі. Оның қара өлеңге бет бұрған жылдарындағы жастық, махаббат, адамгершілік пен ізгі қасиеттерді дәріптейтін отты жырлары оқырманды бірден баурап алады.

«Өзіміздің жоғалып кеткен әдет-ғұрыпты аңсау мен туған жерге деген сағынышты көбіне өзімнің өлеңдерімде қосамын. Туған жер әрқашанда ыстық болады . Адамның өзінің кіндік қан тамған жері кімге болсын ыстық қой. Көкшетау мен үшін өз елім болып кетті. Өзімнің туған жерім Көксерке  менің жүрегімнің бірінде тұрса, бірінде Көкшетау тұрады. Мені өнерде көтерген Көкшетау. Сондықтан да осы екі жер мен үшін егіз ұғым», – дейді Манарбек өз сөзінде.

Сонымен қатар шарада ақын, философия ғылымдарының докторы және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ерболат Баят және Мағжан Жұмабаев атындағы кітапхананың директоры Құдайберлі Мырзабек пен « Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы Ерлан Болатұлы  сияқты бірқатар зиялы қауым өкілдері, өнер жолындағы ұстаздары мен жазушының шығармашылық жолындағы қатарластары авторға жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың жарыққа шығуымен құттықтап, Манарбектің шығармашылық жолында жаңа белестерді бағындыруына  тілектес  болды.

 

Іс-шара барысында Ақан сері атындағы Көкшетау жоғарғы мәдениет колледжінің  «драма театр актері» мамандығының 4 курс студенттері Маржан Бөкешованың жетекшілігімен «Абылайдың арманы» атты композициясын ұсынса, жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламаларын  сахна төріне тарту етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img