spot_img
Сенбі, Тамыз 8, 2026
14 C
Kokshetau

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқыш суретке түсірілді

Сондай-ақ...оқыңыз
«Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорық аумағында қарақал мен дала мысығы байқалған.

Облыстық инспекция мәліметінше, қарақал түрік тілінен аударғанда «қара құлақ» деген мағына береді.

«Бұл мысық тұқымдас сүтқоректі жыртқыш. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусін қатарына жатқызылды, сыртқы түрі ерекшеленеді. Алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты ол жеке тұқымға бөлінген. Ол шөлді жерлерде кездеседі. Қарақал, негізінен, түнде белсенді. ТМД аумағында саны аз, ол «Қызыл кітапқа» енгізілген», – деді мамандар.

Қазақстанда қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында шамамен, 300-400 түрі бар.

Тағы бір суретте облыстық аумақтық инспекция мәліметі бойынша, дала мысығы түсірілген. Мысық тұқымдасы мысықтардың жыртқыш өкілі саналады. Бұл түр кең таралған және «Қызыл кітапқа» енбеген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика