spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Зейнеткер қатты қорқып кеткен»: Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, ер адамды бес тәулікке әкімшілік қамауға алды. Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алып, анасын үйінен қуып шыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кеше кешкі сағат 23:00-де қарт әйел полицияға қоңырау шалып, жұмыстан кейін ересек ұлы мас болып келіп, қорлағанын, содан кейін оны пәтерден қуып шыққанын хабарлаған.

«Мас баласы ұйықтап қалып, зейнеткер әйел үйіне кіре алмаған. Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған әйел қорқып кеткен. Пәтерге келген полиция әжеміздің көзіне жас алып, халат пен тәпішкеде тұрғанын көрді. Полицейлер 15 минут бойы есікті қатты қағып, ер адамды оятты», – деді департамент қызметкерлері.

Қарт әйелдің ұлына қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

«Полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрады және алдағы уақытта бұндай әрекет жасамауға уәде берді, – дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 3800-ден астам жағдайды тіркеген.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img