spot_img
Жексенбі, Қазан 5, 2025
4.6 C
Kokshetau

Ұлыбритания, Канада және Аустралия Қытайда өтетін Олимпиадаға бойкот жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

АҚШ билігінен кейін бірден үш мемлекет Қытайда өтетін Қысқы Олимпиадаға ресми өкілдерін жіберуден бас тартты. Алайда дипломатиялық бойкот спортшылардың жарысқа қатысуына әсер етпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

олимпиада

 


Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон сәрсенбі күні Канберрада бойкот жариялағаны туралы мәлімдеді. Ол мұндай шешім қабылдауға адам құқығын бұзу секілді мәселелердің себеп болғанын айтты.

Аустралиядан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялайтынын хабарлады.

«Пекиндегі Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жарияланады. Онда британиялық министрлер мен ресми тқлғалар қатыспайды. Ал спорттық бойкотты дұрыс деп ойламаймын. Бұл тек үкіметтің саясаты болып қала береді», – деді Борис Джонсон.

АҚШ көршісі Канада да бойкот жариялаған елдер қатарына қосылды.

«Пекиндегі Олимпиада мен Паралимпиадаға дипломатиялық өкілдерімізді жібермейтінімізді мәлімдейміз. Адам құқығының бұзылуы бізді алаңдатады», – депі хабарлады ел премьер-министрі Джастин Трюдо.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика