«Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналды. Бүгінде отандық бизнес еліміздегі индустрияландыру үдерісіне зор үлес қосуда. Соңғы 10 жылда өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып, 33 пайызға жетті. Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 820 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады», – деді Президент.