spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Атырауда тергеуден кейін жоғалып кеткен жас жігіт табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атырауда тергеуден кейін із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт бес күннен соң табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Манас Исмаилов сол күні үйінен практикаға шығып кеткен. Оны алдымен туыстары мен достары іздеген. Таба алмағаннан соң, үш күн өткеннен кейін полицияға шағымданады. Белгілі болғандай, ол сол күні полиция басқармасына барған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Атырау қалалық полиция басқармасына Манас Исмаиловты Қылмыстық кодекстің 190-бабы Алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді сұраған. Ол полицияға барып, тергеушінің сұрақтарына жауап беріп, банктен анықтама алып кету үшін шығып кетеді.

“Ол полиция бөліміне 29 қарашада келіп, 30 қараша жұмыстан кейін хабарсыз кеткен. 3 желтоқсан күні жігіт жоғалғаны туралы арыз түскен. Кейін іздеу жарияланып, тек 5 желтоқсанда табылды”, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика