spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: «Әрбір теңге тиімді жұмсалуы тиіс!»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып құрылыс нысандарын аралап, төтенше жағдай режиміне байланысты қойылған блок-бекеттердің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда 7 блок-бекет орналасқан. Қалаға кірер жолдарға қойылған блок-бекеттерде жүргіншілердің дене қызуы өлшеніп, сауалнамалар жүргізілуде.

Облыс көктемгі егіс науқанына әзірленуде. Сондықтан техника, азық-түлік өнімдері, қосалқы бөлшектер тағы да басқа қажеттіліктер блок-бекеттер арқылы кедергісіз өтуі тиіс, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ауданның жол және коммуналдық инфрақұрылымдарымен танысты. Бұл салаға бюджет қоржынынан 13 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 48 шақырым жолдарды орташа жөндеуге – 900 миллион теңге, қала көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндеуге – 22 миллион теңге жұмсалған.

«Ауа райы өте қолайлы. Іс жүзінде бір ай бұрын жұмысты бастауға болады. Жолдарды жөндеуде және көшелерді абаттандыруда Көкшетау қаласынан үлгі алыңыздар. Биыл Щучинск қаласында сегіз тұрғын үйдің екі ауласына күрделі жөндеу жасалады. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеңіздер. Бурабай ауданы өте үлкен қолдауға ие болды. Сондықтан әрбір теңге тиімді жұмсалуы тиіс. Жобалар бойынша барлық конкурстық рәсімдер сәуір айының соңына дейін аяқталып, мамырда жұмысқа қызу кірісу қажет, – деді аудан әкіміне Ермек Маржықпаев.

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде Щучинск қаласында екі мектепке атап айтқанда, №5 орта мектепті 571 миллион теңгеге және №6 орта мектепті 465 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

            «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен жаңа жұмыс орындарын құру және құрылыс материалдары мен жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті жерден қамтамасыз ету қарастырылған. Карантин кезеңін барынша тиімді пайдалану қажет. Ең бастысы жақсы мердігер тауып, межелі уақытта жұмысты бітіру керек, – деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы Бурабай ауданында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 24 жоба жүзеге аспақ. Оның 17-і Щучинск қаласында жүргізу жоспарланған. Аталған жобаларға 1,3 миллиард теңге қаражат бөлінбек.

Облыс әкімі Щучинск қаласындағы №1 жылу қазандығына да ат басын бұрды.

Аудан орталығының тұрғындары жылда жылумен қамтудың сапасына шағымданады. Сондықтан биыл жылыту маусымына «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасымен 2,4 миллиард теңге бөлінбек. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11 есе көп. Бірақ әрбір теңге барынша тиімді жұмсалуы тиіс, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңір басшысы Щучинск қаласында салынып жатқан 250 орындық «Авиценна» медициналық мекемесінің құрылысымен де танысты. Аурухана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталмақ. Аталған медицина мекемесінде 700 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Облыс әкімі Бурабай кентінде де болып құрылысы жоспарланған нысандардың жұмысымен танысты.

Мұнда заманға сай полиция бөлімін салу жоспарланған. Сондай-ақ орталық көшелерді жөндеуге 1 миллиард теңге бөлінбек. Мұнымен қоса «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасымен аумағы 512 шаршы метрді қамтитын ашық спорт алаңы, жаңа жаяулар жолдары, ауданы 1,6 гектар  автотұрақ салу көзделген.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img