Степногорскте коронавирус анықталды деп жалған ақпарат таратқандар ұсталды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 15 сәуірінде WhatsApp мессенджеріне мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері Степногорск қаласының жергілікті емдеу мекемесіне коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың орналастырылғаны туралы ақпарат таралғаны анықтаған.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полиция жалған ақпарат таратушыны анықтады. Оны қалалық аурухананың кіші палата мейірбикесі WhatsApp тобына орналастырғаны белгілі болды. 41 жастағы қала тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 478 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Дәл осы күні WhatsApp желісінде топтардың бірінен тағы осындай ақпарат шыққан. Жазба «авторы» қолданушыларды Степногорскте коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы хабарламақ болған. Жедел іздестіру тобы жергілікті ЖШС қызметкерінің жалған ақпаратты таратқанын анықтады. 43 жастағы Степногорск қаласының тұрғынына да әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, – деді полицияның баспасөз қызметінен.
Полиция тек ресми хабарламаларға сеніп, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттарды таратпауға шақырып, ол үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.