spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
8.7 C
Kokshetau

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме – министрдің жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады, деді Асхат Аймағамбетов. Қазақстан мектептерінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады.

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шаралар мектептерде өтпейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз оған бағынамыз. Сол себепті мектепте ертеңгілік те, басқа да бұқаралық шаралар болмайды», – деді министр сенат кулуарында.

Дегенмен, айтуынша, бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі өздері қабылдайды.

Сондай-ақ Аймағамбетов оқушыларды әлемде коронавирустың «омикрон» штамы таралуына байланысты қашықтан оқытуға ауыстыра ма деген сұраққа жауап берді.

«Қазір бұл жайлы айтуға әлі ерте. Біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қандай да бір қорытынды жасау үшін мәліметтер қазір жеткіліксіз», – деп нақтылады министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика