spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі қарқын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі қарқын алды 23:08, 03.12.2021 4 UPD: 23:48, 03.12.2021 Алдағы уақытта Қостанайда ұсақ торапты әдіспен Chevrolet Nexia көлігі құрастырылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жыл басынан бері Қостанай облысында өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 трл 870 млрд теңгенің өнімін өндірген. Яғни биыл өңірде 157 мың көлік шығарылды. Оның 17 мыңы экспортталған. Әсіресе индустриаландыру жылдарында инвестициялық жобаларды іске асырған кәсіпорындар айтарлықтай өсімді қамтамасыз етті. 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жалпы өңдеу өнеркәсібінің үлесі жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеге жетті.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Мәселен, машина жасау, металлургия, металл емес өңдеу және тамақ өңдеу өндірісі есебінен өңдеу өнеркәсібінің 13,5 проценттік өсімі байқалады. Жалпы алғанда, өсу резервтері ретінде таяу жылдарға арналған 2 трл теңгеге 80 жобадан тұратын жобалар тізімі қалыптасты. Бұл экономиканың индустриалдық секторын дамытуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемін айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады.

Аймақ басшысы машина жасау саласына ерекше тоқталды. Есептік кезеңде саланың өндірген өнімі 363,7 млрд теңгені құраған. Осылайша өсім 17,7 процентті қамтыды.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– «АвтоМир» өнеркәсібі бұрын игерілген автомобиль маркаларымен қатар 2021 жылғы наурыз айынан бастап Kia маркалы автомобильдерін құрастыруды бастады және жұмыс істеу кезеңінде 7 863 бірлігі құрастырылды. Ағымдағы жылғы шілдеде «АвтоВаз» және «РеноРоссия» компанияларымен бірлесіп, Lada автомобиль желісінің және «Рено» автомобильдерінің өндірісі ретке келтірілді.

Облыс әкімі атап өткендей, алдағы уақытта ұсақ торапты әдіспен Chevrolet Nexia көлігін құрастыру қолға алынбақ. Бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Сонымен бірге шанақ штамптарының өндірісі жолға қойылады. Оған 30 млрд теңге инвестиция тартылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img