spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Билік жүйесіндегі сабақтастық және тұрақтылық табысты мемлекет, баянды Тәуелсіздік кепілі

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздікке қол жеткізіу үшін қазақ халқының жүріп өткен жолы бүгінгі заман биігінен қарағанда оңай бола қойған жоқ еді. Халқымызға соңғы екі ғасыр бойына талай әлеуметтік-саяси сілкіністерді бастан кешіруіне тура келді. Тәуелсіздік қазақ халқының талмаураған шағында келді. Зұлматты жылдардан кейін,енді ғана есін жинай бастаған халық үшін 1991 жылдың желтоқсанында Ұлт, Ел  тағдырындағы қазақ халқының саяси- рухани қайта өрлеуіне мүмкіндік тудырған зор тарихи мүмкіндік туды.

Осы бір тәңірдің өзі сыйлаған тарихи мүмкіндікті жіберіп алмау жауапкершілігі сол кездегі ел басшыларының, атап айтқанда – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнына түскен болатын. Осы сындарлы кезеңдерде еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  қиыннан жол тауып, елімізде 30 жыл бойына бірлік пен татулықты негізге алған саясат жүргізуі нәтижесінде еліміздің экономикасы мен әлеуетінің жылдан-жылға артып отыруына тиісті жағдай тудырылды.

Қазақстан кеңестік режим тұсында отырықшыландыру мен индустрияландыру, тың көтеру сияқты  науқандары кезінде позитивті өзгерістер мен қатар, Орталықтың солақай саясаты салдарынан демографиялық қиғаштықтарға көп ұшыраған, ел мен жердің тарихи иесі –

қазақ халқының  өз елінде ұлттық азшылыққа айналған, тілі мен мәдениетінің шетке қағылып, ұлан-ғайыр жері сынақ алаңдарына айналып, нәтижесінде экологиялық жағдайы ушыққан Одақтас республиканың бірі болатын. Осы жайларды жалпылай болса да тәптіштеп айтып отырған себебіміз, Қазақстанның қазіргі таңдағы ішкі және сыртқы саяси ахуалы қайдан туындады деген сауал-мәселесіне жауап іздеу болып табылады.

Еліміздің отыз жылға жуық басқарған, жаңа замандағы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 сәуірінен елдегі билікті келесі Президентке транзит жасауды бастады. Бұл үдеріс көптеген шетелдік сарапшылар пікірінше бір ауыздан ерекше саяси, әрі батыл қадам деп бағаланды. Сөйтіп,еліміздегі билік жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың бейбіт,эволюциялық жолмен ауысуы қамтамасыз етілді. Бұл бағытта бей-берекетсіздікке жол берілмеді. Осындай форматтағы биліктегі тұлғалардың ауысуын осыдан  бірер жыл бұрын  Қытай Халық Республикасында Дэн Сяопин жүзеге асырса, посткеңестік кеңістікте табысты түрде жүзеге асырып отырған Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып отыр. Қарашаның 23-і күні Еліміздегі билеуші Нұр Отан партиясының  Саяси кеңесіндегі сөйлеген сөзінде бұл қадамдарға ел басшылығының көп ойласып барғандықтары мәдімделіп отыр. Әлемдегі территориялық жағынан ірі, халқының этникалық, конфессиялық құрамы әртекті мемлекеттер қатарындағы Қазақстан секілді ел үшін биліктің бірегейлігі  принципі аксиома екендігі баса айтылып отыр. Осыған дейін еліміздегі ұлтаралық келісім мен ұлттық-мемлекеттік бірегейлігімізді қамтамасыз етуші институт болып табылатын Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағалығы қызметі Президент құзіретіне өткізілген болса, еліміздің стратегиялық даму бағдары мен бағыттарын 1999 жылдан бастап айқындап отырған Нұр Отан партиясының да тізгінінің Президент Қ. Тоқаевтың қолына өтуі біздің елдегі билік транзитінің салиқалы саясат жолымен жүріп келе жатқанының айғағы. Билік жүйесінің осылайша сабақтастық жолмен ауысуының дұрыстығын Қазақстан орналасқан геосаяси аймақты соңғы кездегі Ресейдегі, Қытайдағы, Ауғаныстандағы саяси жағдайлар көрсетіп отыр. Қытай мен Ресей сияқты алыптардың геосаяси қыспағындағы елдің өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделеріне негізделген саясатты жүргізу оңайға түсіп отырғаны белгілі. Бірер қазіргі саяси қатынастар реалилерінен   мысал келтірер болсақ, Қазақстан Еуропа елдері сияқты энергетика өндірісін дамытуда «жасыл энергияға»  екпін түсіріп келеді. Батыс қыспағында қалған Солтүстіктегі көршіміз Балқаш маңында атом электр станциясын салуға  мүдделі болып отыр. Немесе, Қазақстан цифрландыру саласында Ресейден көш ілгері тұрса да, олардың Сбер платформасы арқылы қазақстандық сандық нарықты өз бақылауына алу әрекеттерін айтсақ та жеткілікті. Ал осы  Нұр Отанның саяси кеңесінде Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясаты онан әрі де жалғасын табатындығы айтылды.

Ел Тәулсіздігін нықтай түсу мақсатындпа Еуропалық даму векторын таңдаған сәттен Украинада, кейіннен Беларусиядағы шытырман оқиғалар біздің еліміздің де территориялық, идеологиялық жағдайларына өз әсерін тигізіп отырғаны мәлім.  Осы бір алмағайып заманда Еліміздің аумақтық-территориялық тұтастығы мен азаматтық бірлігін қамтамасыз етудің маңызы да өлшеусіз артты. Әлем елдерінде орын алып отырған пандемия, биылғы құрғақшылық әриене еліміздегі тұрмыстық жағдайдың құлдырауы мен бағаның өсуіне алып келді. Осындай қалыптасқан жағдайда Қ. Тоқаевтың бастамшылығымен басталған реформаларды жеделдетудің қажеттілігі күшеюде.

Қ. Тоқаев еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы сара жолын жалғасытыра отыра қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне лайықты жауап беретін  саяси бағыт ұстануда. Ал бұл сындарлы жылдарда сыналған саясаттың заңды жалғасы болып табылады. Доминантты көппартиялық жүйе, күшті Президент билігі, осы заманғы Парламенттік жүйе осының бәрі еліміздегі билік жүйесіндегі сабақтастықты, табысты, экономикалық әлеуеті мықты мемлекет қалыптастыруға , тәуелсіздігімізді мәңгілік  баянды қылуға қызмет етеді деп білеміз.

Тарихта тәуелсіздікке ие болып, содан кейін оны 20-30 жыл ішінде жоғалтып алған талай елдер болған. Қазақстан болса, тұңғыш Президент, Елбасымыз Н. Назарбаев пен оның сара жолын жалғастырушы көрнекті мемлекет қайраткері, халықаралық аренада кезінде аса танымал дипломат ретінде танылған қазіргі Еліміздің Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен тұрақты өркениетті даму жолымен жүріп келеді.

Осы дүниеде барлық елдер үшін ортақ даму рецепі жасалмаған, себебі әр елдің өзінің тарихи даму жолы мен ұлттық мәдени даму жолы бар. Халықаралық қатынастар жүйесінде дербес ел болып отырғанына 30 жыл толып отырған бүгінгі Қазақстан аса күрделі геосаяси жағдайда өзінің даму жолын таңдай білген беделді мемлекеттің бірі санатында екендігі күмән тудырмайды.

 

Күшпаева Алмагүл Бүркітбайқызы,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img