spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда екі кішкентай баласы бар әйел жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда балаларын үйге тастап кеткен әйел із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 53 жастағы әйел хабарласып, 1993 жылғы қызы Әсел Қаппасқызы Ахмеджанованы табуға көмек сұраған.

Анасының айтуынша, қызы 19 қараша күні сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.

 

 

Әйелді Көкшетау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері іздеп жатыр.

Жоғалған әйел 1993 жылы туған. Кәмелет жасына толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды. Бойы – 160-165 см, дене бітімі толықша, шашы иықтан төмен, ерні қалың, тік мұрынды. Үстіне қара түсті куртка, қара шәпкі, сұр трико, ашық қоңыр түсті кроссовка киген.

Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу 8(7162) 29-96-00 телефоны немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img