spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Степногорск қаласында жыл аяғына дейін жаңа су сүзу қондырғысы пайдалануға беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласының әкімі ӨКҚ-де өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, суды сүзудің жаңа жүйесін енгізу туралы айтты. Оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды «Aqmola News».

Анел БЕЙСЕНБАЕВА

Степногорск қаласының жетінші шағын ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде ауыз судың сапасына шағымданады. Олардың айтуынша, су қоңыр түсті. Журналистер қала әкімі Алпысбай Қайыржановтан мәселенің қашан шешілетінін сұрады.

Степногорда су таратушы ұйым – «Горводоканал». Тарату желілерінің ұзындығы 90 шақырымнан асады. Халық суды ашық су қоймасы – Сілеті су қоймасынан тұтынады.

«Бүгінгі таңда сүзгілеуді, яғни суды тазартуға арналған мембраналарды орнату жұмыстары аяқталды. Іске қосу жұмыстары да бітіп келеді. Біз 31 желтоқсанға дейін екі жүйені біріктіруді жоспарлап отырмыз. Яғни, біз толтыру сүзгілері жұмыс істейтін ескі жүйені өшірмейміз. Мембраналық технологияларды қосымша орнату қажет», – деді Алпысбай Қайыржанов.

Сондай-ақ, Степногорск қаласының әкімі қаланың барлық шағын аудандарына бірдей су берілетінін атап өтті.

Уақытша үзілістер қыркүйек айында болуы мүмкін.

«Мүмкін бұл мәселе қыркүйек айында туындаған шығар. Бүгінде біз тұрақты түрде сапалы су берудеміз. Бізде санитарлық қорытындылар бар», – деді спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика