spot_img
Сенбі, Қараша 22, 2025
-4 C
Kokshetau

2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды «Aqmola News».

«60 жастан асқан адамдар, сонымен қатар КВИ-ге қарсы антиденеге арналған тестінің теріс нәтижесі бар және зерттеуден өз бетінше өткен тұлғалар белгіленген мерзімсіз-ақ ревакцинацияға жіберіледі. Алғашқы жаппай вакцинация сәуір айында басталғанын ескерсек, бірінші вакцинацияны аяқтаған, вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан соң 6-9 айдан кейін республиканың барлық азаматы 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинация алады», – деді Алексей Цой.

Осыған орай министр екінші кезеңде бірінші вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация уақыты келген барлық қалған адамдар ревакцинациядан өтетіндігін айтты.

«Осыған байланысты өңірлерден осы жылдың 22 қарашасынан тәуекел тобына кіретін тұлғаларды, одан кейін 2022 жылдан бастап қалған топтарды ревакцинациялауды ұйымдастыруды өтінемін», – деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика