spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ерейментаулық ауыл еңбеккерлері сала бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы есептік нәтижелерге сәйкес, Ерейментау ауданының ауылшаруашылығы саласы мамандары бірқатар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Аймақта 2021 жылдың  үшінші  тоқсанында  ауыл,  орман,  балық  шаруашылығы жалпы  өнімінің  көлемі  22,1 миллиарқа жетіп,  нақты  көлем  индексі 105,5%-ды  құраған. Мал басы болса, барлық санаттағы шауашылықтарда өскен,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Бұл жаңалықты аудан әкімі Абай Әлжанов жылдың үшінші тоқсанындағы қорытындыларына арналған брифингте хабардар етті.

Аудан бойынша ірі қара мал 11,0% (62,6 мың бас), оның ішінде сиыр 10,5% (32,3 мың бас), қой мен ешкі 0,3% (84,9 мың бас), жылқы 18,0% (31,1 мың бас) өсті,-деді ол жиында.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бойынша Тайбай және Новомарковка ауылдарында 2 сүт тауар фермасын құру жоспарланған. Бұлар СПК «Сүт» және «Хамзе» шаруа қожалықтарына тиесілі болмақ.  Сонымен қатар 300  асыл тұқымды мал сатып алып, ет өндіру бойынша 6 мал фермасын құру көзделген.  Тағы «Астық орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  1000 басқа арналған бордақылау алаңын даярласа, «СелетаАгроИнвест» шаруа қожалығы  ет фермасының құрылысын кеңету жұмыстарын қолға алмақ.

2021  жылдың  қаңтар-қыркүйек айларындағы есепке сәйкес, 7 мың  тонна  тірі мал  мен құстың  барлық  түрлері  союға  өткізілді, 4 млн 942  мың  дана  жұмыртқа өндірілді,-деді әкім өз кезегінде.

Оның айтуынша мал  шаруашылығын  дамытудың  2021  жылға  арналған  индикативтік көрсеткіштерінің  жоспарына сәйкес, ет  бағытындағы  7  ферма  құрылған. 846 асыл  тұқымды  аналық  мал  басы  сатып  алынды.

Аналық  мал   басын  тұқымдық  түрлендірумен  қамту  жоспары  орындалып, ол  9150  басты  құраған.

Аймақ басшысының берген мәліметтеріне сәйкес, егістік алқаптары жылдан жылға үлкейіп келеді. Бұл 2019 жылы-74 га, 2020 жылы-84 га, 2021 жылы-105 га және 2022 жылы 20 мың гектарға кеңейген.

Егістерді  цифрландыру  жоспары бойынша  да бірқатар жұмыстар атқарылып, 142,8  мың  гектар жер қолданыста. Шабындықтар мен жайылымдарды цифрландыру жұмыстары жүз пайыз орындалды,-деді әкім.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img