spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Астрахан ауданында су тасқынына байланысты қосымша күш жұмылдырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астрахан ауданында су тасқынына байланысты төтенше  жағдай қызметі қосымша күш жұмылдырды. Су тасқынының арыны қатты болғандықтан, Астрахан ауданындағы адамдарды құтқару үшін Көкшетау қаласынан арнайы көліктер жіберілді – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының  төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі мен өңірдің атқарушы билігі Колутон селосындағы үйлерді су басуына жол бермеу үшін барынша  әрекет жасауда.

«9 сәуірден бастап Колутон өзенінде су деңгейінің қатты көтерілгені  байқалды Қазіргі сәтте судың көтерілу деңгейі 6  метр 25 сантиметрге дейін жетті, егер 6 метр 70 сантиметрге жетсе өте қауіпті болмақ. Тасқын судан аулалар мен бір тұрғын үй судың  астында қалу қаупі бар. Төтенше жағдайлар қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп үйлерді су басуына жол бермеу үшін  шаралар қабылдауда. Үйлердің айналасына құм толтырылған қаптардан бөгендер тұрғызылды. 500 текше метрден астам су сорылып алынды. 10 және 11 сәуірде Колутон  өзенінің 15 жерінен  мұз кептелісі болмасы үшін жарылыс жұмыстары жүргізілген. Қазірге дейін 400 дана қап қойылды. Егер жағдай өте күрделі болып, су деңгейі түспесе Колутон орта мектебі базасында сонымен қатар Ковыленка және Жалтыр селосындағы орта мектептерде эвакуациялық бекеттер әзірленді, деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Төтенше  жағдайлар қызметінің сарбаздары қажетті апаттан құтқару құралдары, гидрокостюм, жүзу құралдары, сондай-ақ түнгі уақытта жұмыс істейтін жабдықтармен әрі далалық жағдайларда тұруға қажетті заттармен қамтылған.

Естеріңізге сала кетсек өткен  жылы да Колутон селосының бірнеше тұрғын үйлер мен аулалар суға кетіп, автокөлік қатынасы үзілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img