Атбасар ауданында полицияның учаскелік инспекторлары үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша оқыту семинары өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Семинар ауылдағы учаскеік инспекторлардың нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушылармен әңгімелер мен дәрістерді дұрыс өткізу, ата-аналар мен мектеп мұғалімдерін есірткінің жаңа түрлерімен дәріханалық препараттармен ақпараттандыруға бағытталды.
Жиналғандар алдында полиция департаментінің нашақорлықпен күрес жөніндегі басқармасының мен «Зерделі ұрпақ» қоғамдық қоры өкілдері нашақорлықтың алдын алу жолдарын атады.
«Есірткі туралы алғашқы ақпараттың қалай және қандай формада ұсынылғаны аса маңызды. Сондықтан да біз бозбалалармен сөйлескен кезде есірткінің қауіптілігі мен оның жаман қасиеттерін айтамыз. Ал ол тек «есірткі» деген сөзді ғана естиді. Яғни біз есірткінің алдын алудың орнына оны насихаттаған боламыз. Сондықтан бұған аса сақ болған жөн. Бізге оқытушылар мен ата-аналармен жұмысқа баса мән беру қажет», – дейді нашақорлықпен күрес жөніндегі басқарманың аға жеделуәкілі, полиция майоры Рәзия Курсанова.