spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Ақмолада такси жүргізушісін қарақшылықпен өлтіргендер 18 жылға сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасап, өлтіріп және көлігін иемденген (Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2 бөлігі 1 тармағы, 200 бабының 2 бөлігі 1 тармағы, 9 бабының 2 бөлігі 3,7,10 тармақтары) Бурабай ауданының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімімен сотталушылардың әрқайсы қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оларға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот жәбірленушілердің сотталғандар Р. және Г-ға материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызын қанағаттандырып, зардап шеккен тараптың пайдасына сотталғандардан ортақ тәртіппен 10 000 000 теңге өндіріп алды.

«Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғындары, жұмыс істемейтін 22 жастағы Р. мен колледждің 21 жастағы студенті Г. биылғы мамыр айында мас күйінде такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасап, одан ақша ұрлау мақсатында оның ұялы телефонын, автокөлігін иемденіп, өз қылмысын жасыру мақсатында такси жүргізушісін өлтірген. Жүргізушіні кроссовканың бауымен тұншықтырып, мойны мен кеудесін сынған шыны бөтелкенің өткір жиектерімен соққан. Содан кейін күдіктілер көлікті бос жерге тастап, қылмыс орнынан қашып кетті», – деді ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img