spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда құтқарушыларға арналған жаңа мурал пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Құтқарушылар күні қарсаңында қазақстандық құтқарушыларға арналған жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мурал суретінде Түркістан облысында әскери қоймадағы жарылыс пен өртке қарсы күресте қаза тапқан Өрт сөндіру және апаттан құтқару басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан Айманов бейнеленген. Мурал Абылай хан даңғылындағы 9 қабатты үйдің қабырғасына салынды.

Құтқарушы-батырдың портретті бейнесі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Көкшетау қаласы әкімдігінің бастамасымен жергілікті «Design city» компаниясымен орындалды.

Суретшілер бес күн бойы бірнеше метр жерде суретті орындады.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша мурал 19 қазан күнгі Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай арнайы жасалды.

«Құтқарушылардың жұмысы өте қауіпті. Олар әрқашан өз өмірін қауіпке тігіп қиындықты аса елемей қызмет етеді. Біздің басты парызымыз барлық мүмкіндіктерді пайдаланып басқаларды құтқару. Бүгінде облыста 1377 құтқарушы қызмет етеді. Қала әкімдігіне қолдау білдіргені үшін алғыс білдіремін», – дейді Нұрлан Атығаев.

Тұрғындар да жаңа стрит-арт суреттің қаланың тағы бір көрікті орнына айналатынына сенімді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img