spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 25, 2026
15.6 C
Kokshetau

Көкшетауда зейнеткер әйел өз үйінің шатырының астында қалып мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда 63 жастағы зейнеткер әйел өз үйінің опырылып құлаған шатырының үйіндісінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға бүгін түнде 00.48-де Көкшетау қаласындағы Пионерская көшесінде болған. Бір қабатты жеке тұрғын үйдің 15 шаршы метрдей шатыры кенеттен құлап кеткен. 1950 жылы салынған үй апатты болып танылмаған болып шықты.

«Опырылып құлаған шатырдың астынан 63 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол оқиға орнында алған қатты жарақаттарының салдарынан бірден көз жұмған», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған оқиға бойынша сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Астанада халықаралық симпозиумда Алтын Орда мұрасына қатысты Қарар қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика