1 қазан – Халықаралық қарттар күні көкшетаулық зейнеткерлер қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін қатынауда, деп хабарлайды «Aqmola News» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, дәстүрлі акция қалалық автобус парктерінің басшылығымен келісілген.
«Құрметті қала тұрғындары! 1 қазан-Халықаралық қарттар күні, облыс орталығының автобус парктері басшылығының келісімі бойынша, қарттар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болады», – деп хабарлады әкімдік.