spot_img
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры ұжымы көкшелік көрермендермен қоштасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры ұжымының Ақмола облысында гастрольдік сапары мәресіне жетті. Осыған орай, аталмыш театр әртістері ақмолалық көрермендермен қоштасты, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған театр ұжымы қыркүйектің 23-28 аралығында ақмолалықтарға ең үздік спектакльдерін ұсынды.

Театр фестивалінің шымылдығы жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасымен ашылды. Картина белгілі әнші-композитор, сері, Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Келесі күндері жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы, драматург Александр Володиннің «Қошқым келмейді» драмасы, ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы көрсетілді.

Көкшетаудағы гастрольдік сапардың соңғы күнінде Абайдың қара сөздері бойынша «Қара» драмасы сахналанды.

«Биыл театрымыздың гастрольдік туры еліміздің Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Көкшетау қаласынан басталды. Өкінішке орай, бес күн зулап өтіп, өңірге гастролімізді бүгін аяқтаймыз. Біз облыс пен қала басшылығына жылы шыраймен қарсы алғаны және қонақжайлылығы үшін өте ризамыз.  Біз ары қарай Петропавл қаласына аттанамыз», – деді театр және кино актері Дулыға Ақмолда.

. Еске сала кетейік, 23-27 қыркүйек аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының актерлері «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында ең табысты және көрермендер арасында сұранысқа ие қойылымдарды қойды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуда. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика