spot_img
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
13.7 C
Kokshetau

Ақмолада қарттар үйінде 35 адам коронавирус жұқтырды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты бұл орталық Елорданың іргесінде Целиноград ауданының Аққайың ауылында орналасқан. Коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай енгізілгенде орталықта орташа жас шамасы 75 жас айналасындағы 147 адам болған. Карантин енгізілген соң қарияларға қызмет көрсетумен айналысқан 74 қызметкердің 51-і қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі.

Ал аз уақыттан соң орталықта нағыз қайғылы оқиғалар бірінен соң бірі орын алады. 2 сәуірде 1947 жылы туған ер адам қайтыс болса, 6 сәуірде 1929 жылы туған кеюана көз жұмады. Қарияларда қайтыс болғанға дейін коронавирус инфекцияларының белгілері болмай,  науқас болғандары тек қайтыс болғаннан кейін ғана анықталады.

Қос бірдей адамның індет жұқтырғаны расталған соң Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен санитарлық және эпидемиологиялық бақылау жүргізіліп, жақын байланыста болған адамдар анықталды. Барлық орталық қызметкерлерінен инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан қан сынамалары алынды. Бүгін аталған орталықтан 35 адамнан диагноздары расталып, коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Сонымен өңірде Целиноград ауданынан – 51, Аршалы ауданынан – 3, Көкшетау қаласынан  – 1, Шортанды ауданынан – 1, барлығы –  56 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында электрмен жабдықтау тұрақтандырылды

Зеренді ауданында Серафимовка, Қойсалған және Желтау ауылдарының тұрғындары соңғы үш ай бойы жиі кездескен жарықтың өшіп қалу мәселесі шешілді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика