spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Лаңкестік адамзат тағдырына төнген басты қауіп-қатердің бірі

Сондай-ақ...оқыңыз

Террор – бұл жаппай үрей мен қорқыныш сезімін ояту арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық психологияға әсер ету.
Терроршылардың идеологиялық ұстанымы үреймен және қорқыту жолымен діндер мен өркениеттер арасында сенімсіздік мен өшпенділік атын жағуды көздейді.

Терроризммен тиімді күресу үшін қоғам тарапынан қолдауға ие болу өте маңызды. Террорлық идеологияның алдын алу мақсатында идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру және ланкестікке қарсы насихат іс-шарасының кешенді әдістемелік жүйесін жетілдіру өзекті.
Бұл мақсатта тұлғанынң дүниетанымдық, өмір мәндік көз қарастарын қалыптастыру және саяси-әлеуметтік позициясын орнықтыру керек.
Лаңкестік идеологиясын алдын алу жұмысында мемлекет үкіметтік сектордың қолдауына сүйеніп және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қатынас орнату тиіс.
Дерадикализациялау және діни экстремизмнің алдын алу шараларына діни бірлестіктердің мүшелерін және беделді дін лидерлерін тарту керек.
Діннің әлеуетің қоғамдық санамен ұлттық дүниетаным, қоғамдық моральдық өнегемен ұлттық рухани өрлеуіне қызмет етуге бағыттау қажет.
Демек, зайырлық пен діндарлықтың өзара әріптестігінің әділетті заманауи тетіктерін даярлау қажет. Зайырлық қағидасы бойынша мемлекет діни бірлестіктердің әрекетіне араласпауы тиіс. Дегенмен, діни саладағы әлеуметтік қозғалыстарды өздігімен жіберсек мемлекетімізде клерикалистік саясат баснып кетуі мүмкін. Ал оның жалғасы – дінаралық қақтығыстарға, тіпті соғысқа әкеліп соқтыру қаупі бар.
Сол себепті дін мәселелері жөніндегі ақапараттық-түсіндіру жұмысы елдегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизм мен терророизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық насихаттық жұмыстарды іске асыру тәсілін дамытуымыз керек.

Еразақ Тілеубергенов,
Заң ғылымдарының докторы 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img