spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-2.8 C
Kokshetau

Ауғанстандағы «Талибан» жүйесі: Әйелдер ер адамдармен бірге оқымайды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанның білім беру жүйесіне жаңа ережелер енгізді, оларға жыныс белгісі бойынша бөліп ажырату және дресс-код кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі, 12 қыркүйек күні «Талибан» қозғалысының басшылығы Ауғанстанның білім беру жүйесіндегі жаңа ережелер туралы мәлімдеді.

Жаңадан құрылған үкіметтің Жоғары білім министрі Абдул Баки Хаккани енді әйелдер ер адамдармен бірге оқымайтынын мәлім етті. Хаккани мәлімдемесі жасалған күні Кабул қаласында үш жүзден астам ауғандық әйел Кабул университетінің амфитеатрында жиналып, «Талибанның» гендерлік саясатына қолдауын білдіру үшін шеруге шыққан. Олардың көбі қара никаб киіп, қолдарына тәлібтердің ақ туларын ұстаған. Акцияға қатысушы әйелдер қолдарына «Ауғанстаннан кеткен әйелдер біздің атымыздан сөйлей алмайды» және «Біз моджахедтердің «Талибанның») қатынасы мен тәртібіне қанағаттанып отырмыз» деп жазылған плакаттарды ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті.

Бүгінде енгізілген жаңа ережелер енді Ауғанстан әйелдеріне жоғары білім алуға рұқсат бермейді деген пікірлер айтылуда, себебі елдің жоғары оқу орындарында әйелдер мен ер адамдардың бөлек сыныптарын ұйымдастыру үшін ресурстар жоқ.

Бұған Хаккани әйел мұғалімдердің жеткілікті екенін, ал ресурстар болмаған жерде баламасы табылатынын айтып жауап берді.

«Барлығы университет мүмкіндіктеріне байланысты», – деді ол. «Біз сондай-ақ шымылдық артында оқытатын ер адам мұғалімдерді тартамыз, немесе технологияларды қолданамыз», – деп қосты.

Бүгін Ауғанстан мектептерінің бастауыш және орта сыныптарында ер балалар мен қыздар бөлек оқытылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img