spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-2.8 C
Kokshetau

Ақмолада COVID-19 індетімен күрес дәрігерлерінің үстемеақысы екі есеге қысқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада COVID-19 індетімен күрес үшін дәрігерлерге берілетін үстемеақы екі есеге қысқарды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Шағыров мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша 1 қазаннан бастап елімізде коронавирус инфекциясымен күрес үшін дәрігерлердің жалақысына қосылатын үстемеақы алынып тасталады.

         «Бұл жоба жазғы маусымнан бері талқыланып келді. COVID-19 госпитальдары мен стационарларына кіретін барлық медицина қызметкерлері негізгі жалақысынан бөлек республикалық бюджеттен үстемеақы алған. Ал тамыздан бастап біз оны төмендете бастадық. Ал 1 қазанға дейін 50 пайызға дейін жоспарлы межеде төмендемек. Егер инфекциялық бөлімде үстемеақы 850 мың теңге болса онда ол 425 мың теңге болады. Егер жедел медициналық жәрдем қызметкерлері 425 мың теңге алған болса олардың ақысы 212 мың теңге болады. Мобильді кабинеттерде, сүзгі кабинеттерінде 212 мың теңге алғандар енді 1 тамыздан бастап 106 мың теңгеден алады», – дейді Нұрлан Шағыров.

Спикердің мәліметінше медициналық қызметкерлердің жұмыстан шығып кетуі аса байқалмайды. Стационарларға жұмысқа тұруға кезек әлі бар.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов COVID-19 үстемеақысын алып тастағанның өзінде дәрігерлердің жалақысы жалақының көбеюі есебінен сол қалыпта қалуы тиіс екенін айтқан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img