spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

8 қыркүйек күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр жауып, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап

Ақмола облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Казақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік-батыс және солтүстікте тұман, солтүстік, шығыс және орталықта  бұршақ жауады.

Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында – найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батыс және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде – бұршақ, батыс, солтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында – найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с, облыстың солтүстігі және батысында шаңды дауыл соғады.

Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтобе, Қостанай облыстарының солтүстігі және шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img